Өскеменде Г. Марченко Қазақстандық теңге сарайын аралап, банк ұжымдарымен кездесті
Басты мақсат - күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Ұлттық банктің ғимаратын аралап, ұжыммен кездесу және Қазақстандық теңге сарайын көру.
Ұлттық банк басшысы жоспарланған кездесулерден өзге сақтандыру және шағын несиелеу ұйымдары басшыларымен жүздесіп, «Ұлттық банктің» және «Центр кредит банкінің» аймақтық филиалдарын аралады.
«Теңге ең жақсы сыйлық», - деп атап өтті Ұлттық банктің филиалындағы қазақстандық тиындар экспозициясымен танысқан Г. Марченко. Сондай-ақ ол бүгінде Қазақстан банкнот өнімдерінің 66 пайызын және тиынның 40 пайызын сыртқа шығаратынын еске салды. Қазақстандық шақалар 8 халықаралық марапатты иеленіп, екі мәрте әлемнің үздік шақасы танылды.
Қазақстандық теңге сарайында ғана тантал кәдеге жаратылады. Бұл жолы зауытта Ұлттық банктің басшысына және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа боялған танталды қолдану арқылы жасалған жаңа қазақстандық тиындар және отандық мамандардың жаңашылдықтары көрсетілді. «Бізге қатты ұнады. Қазақстандықтар жыл соңына дейін аталмыш тиындарды көретін болады», - деп атап өтті Г.Марченко.