Өскеменде Халықаралық бал фестивалі өтеді

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде Конституция күні мен Қала күнін атап өту кезінде Халықаралық бал фестивалі өтеді.
None
None

Бұл туралы облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында облыс әкімінің орынбасары Григорий Пинчук мәлім етті. Ол сондай-ақ осы фестиваль аясында бал жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отырғандығын атап өтті. Зейнеткерлер, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бал төмен бағамен сатылатын болады.

Өз кезегінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қазіргі таңда облыс басшылығы обыстағы марал шаруашылығы мен ара шаруашылығын қолдау бойынша үлкен жұмыстар атқарып жатқандығын айтып өтті. Облыстық бюджеттен осы жылы аталмыш салалар үшін 30 млн. теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар