Өскеменде қару атудан ҚР ІІМ чемпионаты басталды

КЕМЕН. 20 шілде. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде қару атудан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық чемпионаты басталды.

Өскеменде қару атудан ҚР ІІМ чемпионаты басталды

Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті басқармасында өткен ашылу салтанатынан кейін сайысқа қатысушылар Өскемен шетіндегі полигондарға аттанды.

Жарыс жеті түр бойынша өтеді, полиция қызметкерлері автоматтан екі рет, Макаров мылтығынан бес рет оқ атады.