Өскеменде Қасым Қайсеновке ескерткіш орнатылды

Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жерлесіміз Қасым Қайсеновке орнатылған жаңа қола ескерткіш - бізге Жеңіс алып берген ардагерлерімізге көрсетіліп отырған құрмет.
None
None

Шығыс Қазақстан әкімі Бердібек Сапарбаев ескерткіштің ашылу салтанатында осылай деді.

«Біздер, қазіргі ұрпақтар, жас өркендеріміз өз батырларымызды және Қазақстандағы бейбіт өмірдің бағасын ұмытпаулары үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек», - деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.

Қасым Қайсенов 1918 жылы сәуірдің 23-де Шығыс Қазақстан облысы ның Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы жел­тоқсанның 30-ы күні 89 жасқа қараған ша­ғында ауыр науқастан дүние салды.

1934 жылы мектеп бітірген­нен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павло­дар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.

1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның бас­қыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қ.Қайсенов Чапаев атындағы пар­тизан құрамасының үшінші отря­дын басқарады. Одан кейінгі кез­дерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отанына - Қазақстанға ора­лып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе­сінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады.

Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашы­лығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады.

1951-1954 жыл­дары Қазақстан Компартиясы Орта­лық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудар­ма­шылар бөлімінде оқиды. 1953-1972 жылдар аралығында «Жазу­шы» баспасы директорының орын­басары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» бас­пасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.

Қ.Қайсенов Ұлы Отан соғысы­ның қиын-қыстау кезеңін, жауын­герлердің жанқиярлық ерлігін шы­найы суреттеген, оқырманға кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.

1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизан­дары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге ауда­рылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.

Қ.Қайсенов «Богдан Хмельниц­кий», «Отан соғысы», «Чехосло­вакия партизандары», Украинаның «За заслуга» ордендерімен, Ке­ңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Ол Қазақстан Жазушылар одағы­ның Бауыржан Момышұлы атын­дағы әдеби сыйлығының лауреаты. Қазақстанның Халық қаһарманы.

Соңғы жаңалықтар