Өскеменде Қазақстан мен Ресей аймақаралық VIІ ынтымақтастық форумының қорытындысы бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Құжаттарға Бердібек Сапарбаев, Виктор Толоконский Александр Карлин және Александр Бердников қол қойды.
Ал Қазақстанның Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мен Ресей Федерациясының Аймақтық даму министрі Виктор Басаргин Аймақаралық және шекаралық ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы келісімге қол қойды.
Сондай-ақ «Имашевское» трансшекаралық газ-конденсатты кенішін геологиялық зерттеу және барлау жөніндегі бірлескен жұмыс туралы Қазақстан мен Ресей үкіметінің арасындағы келісім бекітілді. Бұл құжатқа Қазақстанның мұнай-газ министрі Сауат Мыңбаев және Ресейдің Табиғи ресурстар және экология министрі Юрий Трутнев қол қойды.
Тағы екі құжат тасымалдау саласына қатысты болды. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев пен Ресейдің табиғи ресурстар және экология министір Юрий Трутнев Трансшекаралық су нысандарын бірлесе пайдалану және қорғау туралы Ресей мен Қазақстан үкіметтерінің арасындағы келісімге қол қойды.
Ал «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының президенті Асқар Мамин мен «Ресей темір жолы» ААҚ-ның президенті Владимир Якунин Кеден одағының транзиттік әлеуетін тиімді жүзеге асыру саласындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы теміржолдарының өзара ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.