Өскеменде Қазақстанның үздік тауарларының көрме-байқауы өтеді

«Қазақстанның ең үздік тауары» көрме-байқауының негізгі мақсаты отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін белсендіру, Қазақстан нарығының жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толығуына көмектесу және халық арасында сапа туралы ойды танымал ету болып табылады.
Көрме-байқауға Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындары қатысады. Көрменің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия жеңімпаздарды «Ең үздік азық-түлік тауарлары», «Халыққа арналған ең үздік тауар» және «Өндірістік бағыттағы ең үздік тауар» аталымдары бойынша марапаттайтын болады. Жеңімпаздар облыс Әкімінің арнайы дипломдарына ие болып, «Қазақстанның ең үздік тауарлары-2010» республикалық байқауы мен Астанада ағымдағы жылдың соңында өтетін ҚР Президентінің «Алтын сапа» жүлдесін алу үшін байқауға қатысу құқығына ие болады.