Өскеменде көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін түнде өрт сөндірушілер бес қабатты үйдің 40 тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. Оның ішінде 12 бала бар, өрт үйдің шатырынан шықты. Жалын шатырдың 400 шаршы метр аумағын шарпыды, деп хабарлады ШҚО ТЖ департаментінен.
None
None

Түнгі сағат екіде 30 өрт сөндіруші тілсіз жауды толықтай ауыздықтады, үй иелері пәтерлеріне қайта оралды.

Құрбандар мен зардап шеккендер болмады. Өрттің шығуы себептерінің екі нұсқасы қарастырылуда: бірі - электр жабдығын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасының бұзылуы, екіншісі - отты абайсыз пайдалану.

Соңғы жаңалықтар
Референдум