Өскеменде ҚР Ауыл шаруашылығының министрі тоңазытылған құс етінің өндірісі бойынша еліміздегі тұңғыш зауыттың ашылуына қатысты

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Бүгін Өскемен құс фабрикасының базасында тоңазытылған құс етінің өндірісі бойынша еліміздегі тұңғыш зауыттың ашылуы болды.
None
None
Жаңа бірегей өндірістің іске қосылуы «Еуразия» ұлттық инвестициялық жобасының бастауы болып табылады. Оның ашылуына ҚР Ауыл шаруашылығының министрі Ақылбек Күрішбаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осы өндірістің іске қосылуы арқылы тұтынушылар ең жоғары әлемдік стандарттарға және мұсылмандыққа сәйкес «халал» өнімдерді алатын болады. «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның директоры Серік Толықбаевтың айтуынша,«Еуразия» жобасына тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі таяудағы 7 жыл ішінде 70 млн. долларды құрайды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум