Өскеменде ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің ХІІ көшпелі отырысы өтеді

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - 18-19 қазан күндері Өскемен қаласында ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің ХІІ отырысы өтеді.
None
None

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылы осы кеңестің үшінші көшпелі отырысы өткелі тұр. Бұдан бұрынғыдай отырысқа жастар мен қоғамдық жұртшылық көптеп қатысады. Олардың арасында жастар саясаты жөніндегі аймақтық басқармалардың бастықтары, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары жастар ісі жөніндегі кеңестерінің хатшылары, сондай-ақ екі аймақтың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, жастар ұйымдарының өкілдері бар. Кеңестің алғашқы күні Шығыс Қазақстан облыстық университетінде кеңестің пленарлық отырысы жоспарланған. Ал екінші күні Кеңес мүшелерінің студент және жұмысшы жастармен, жас спортшылармен кездесулері жоспарланып отыр. Одан әрі отырыс семинар-тренингілер түрінде өрбиді.

Кеңесте Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөніндегі тапсырмаларынан туындайтын міндеттер келелі әңгіме болады.

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесі 2008 жылғы 1 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған консультативтік-кеңесші орган. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, республикалық және аймақтық жастар ұйымдарының, ғылыми және шығармашыл жастардың өкілдері енген.

Соңғы жаңалықтар