Өскеменде ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХІІ көшпелі отырысы өтеді

ӨСКЕМЕН. 18 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласында ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХІІ пленарлық көшпелі отырысы өтеді, деп хабарлады облыстың ақпараттық орталығынан.
None
None

Пленарлық отырыстың басталуының алдында Шығыс Қазақстанның жастар ұйымдары мен аймақтың ішкі саясат басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» жанындағы «Демеу» кадрлық агенттігінің қызметінің тұсаукесері өтетіні жоспарлануда.

Кеңес жұмысының екінші күнінде, 19 қазанда студенттермен, жұмыс істеп жүрген жастармен және спортшылармен кездесулер өтеді.

Бұдан басқа, бұл күні мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша тиімді жоспарлау және мониторинг жасау, кеңес беру органдарының мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі рөлі мен орны тақырыптарындағы семинар-тренингтер топтамасы өтеді.

Соңғы жаңалықтар