09:17, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
Өскеменде қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері жаппай қан тапсыруда
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласында қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) қызметкерлерінің бастамасымен «Донор күні» қайырымдылық шарасы өткізілуде.

Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінен хабарлады.
Акция шеңберінде аққан дертіне шалдыққан балалардың ем-домына қол ұшын созу діттеліп отыр.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің өкілі Еркін Қасымовтың айтуынша, игі бастама биылғы жылы тұңғыш мәрте өткізіліп отыр.
Барлық түзету мекемелерінде жеке құрамның арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның нәтижесі де жоқ емес. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің 100-ге жуық қызметкері өз еркімен қан тапсыруға бекініп отыр.