Өскеменде музыкалық субұрқақтар іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі аббатандыру жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып қайтты. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Барлық жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін аяқталады.

Аймақ басшысы ең бірінші Ертіс өзенінің жағалауына ат басын тіреді. Жобаға сәйкес, ол жерде Өзен вокзалынан бастап Даңқ ескерткішіне дейінгі жаяу жүргінші жолында тас төсеуіштер төселген. Велосипедшілерге арналған бөлек жолдар да әзірленген. Өзенге қарай түсетін жерлердің жақтаулары гранитпен қапталуда. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көрген облыс әкімі, жұмыстың сапалы әрі, мұқият істелуін тапсырды. Жақын күндері спорттық және ойын алаңдары орнатылатын болады. Барлық жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде және тамыз айының үшінші декадасына дейін тәмамдалмақ.

Ал Гагарин желекжолындағы саяжолдың жөндеу жұмыстары тамыз айының 15-не дейін аяқталады. Ол жерде ғарыш құрылғысы стиліндегі ойын алаңдары орнатылуда. Ертіс жағалауындағы секілді жаңа жарықтандыру тіректері мен орындықтар орнатылуда. Даниал Кенжетайұлы, қала басшысының Республика алаңынан демонтаждалған субұрқақтың зодиак белгілерін, ойын алаңының арғы жағына, яғни Металлургтер Мәдениет сарайына қарай орналастыру туралы ұсынысымен келісті.

Содан соң, облыс әкімінің назарына Комендантка өзенінің аббаттандыру жұмыстарын ұсынды. Жоспар бойынша ол жерде орындықтар, жарықтандыру тіректері мен қоқыс жәшіктері болмақ. Аймақ басшысы музыка мектебіне қарама-қарсы орналасқан жер телімін, жаяу жүргінші жолын кеңейтуді есепке ала отырып аббаттандыру бойынша жобаны алдыңғы кезекте аяқтауды тапсырды.

Ары қарай, Даниал Ахметов жобалаушылармен бірге Ушанов алаңын қарап шықты, жобалаушылар ондағы айналма жолдың пішінін қайта қарауды ұсынды. Сондай-ақ, олар тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жер үстіндегі жаяу жүргінші жолын орнату туралы ұсыныс білдірді. Облыс әкімі осы мәселені қарастыруға жоба әзірлеулерін сұрады.

Облыс орталығын аралау бағдарламасы су бұрқақтар құрылысының жұмыс барысымен танысумен аяқталды. Үш музыкалық су бұрқақ тамыз айының соңына дейін іске қосылатын болады.

Соңғы жаңалықтар