08:30, 18 Сәуір 2014 | GMT +5
Өскеменде өрт салдарынан ер адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Астана көшесінің бойында таңғы сағат 05.13 кезінде бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Өрт жиырма минуттан соң тоқтатылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы мен жеке құрамның 16 адамы жұмылдырылды. 4 шаршы метр аумақты жалын шарпыды. 4 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнынан 1952 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.