Өскеменде ПИК борышкерлерімен күрес жүріп жатыр

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменнің коммуналдық қызметтері кәнігі борышкерлерге қарсы ақпараттық соғыс жариялады.
None
None

Өткен аптада өткен қалалық әкімдік пен Пәтер иелерінің кооперативтері төрағаларының бірлескен кеңесінде борышкерлермен күресудің бір әдісі ретінде - борышкерлердің суреттерін олардың аты-жөндері және жұмыс орындарын көрсетіп қалалық баннерлерге орналастыру ұсынылды.

Қала әкімі Ислам Әбішев аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарды осынау бірлескен ұсынысты қолдауға шақырды, себебі орасан зор борыштар алдағы қысқа лайықты дайындалуға кедергі келтіріп отыр. Кейбір борышкерлердің қарыздары жүздеген мың теңгеден асады. Олардың қатарында берешектерін өтеу туралы соттың шешімі қолдарына тигендер де бар, бірақ жағдай өзгерер емес.

Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен бюджеттік салада жұмыс істейтін борышкерлердің тізімдерін жасап, оларды мекеме басшыларына бермек.

Соңғы жаңалықтар