Өскеменде санитарлық талаптарға сай емес сауда нүктелері жойылады

ӨСКЕМЕН. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде қаланы тазалау жұмыстары басталып кетіп, бұзылатын нысандардың алғашқыларының қатарына ретсіз орналасқан сауда дүңгіршектері ілікті.
None
None

Қалалық әкімдікте атап өткендей, аппарат жиналысында қала әкімі Ислам Әбішев үгіттеу жұмыстарының аяқталғанын, енді қала көшелерінде заңсыз сауда-саттыққа бақылау жасайтын жедел топтар кезекшілік атқаратынын тілге тиек етті. Жаппай сауда сатушылары аулаларға ауысып отырмауы үшін, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері мен кооперативтерінің қызметкерлері аулалардағы сауда-саттықты болдырмау үшін барлық шараларды қолдануы тиіс.

Жедел топтар құрамында әкімшілік жазаға тарту құқығына ие облыстық кәсіпкерлік басқармасы қызметкерлері, қалалық әкімдік өкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары болады. Жедел топтар санитарлық талаптарға сай келмейтін сауда нүктелері жойылмайынша жұмыс атқаратын болады, деп атап өтті әкімдіктегілер.

Соңғы жаңалықтар