19:22, 12 Мамыр 2010 | GMT +5
Өскеменде сәулетшілердің халықаралық байқауы өтеді
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Мамырдың 20-сында Өскеменде сәулетшілердің халықаралық конкурсы басталады.
«Әртүрлі елдерден жиырма мүсінші екі айдың ішінде қала үшін шағын сәулеттік нысандар әзірлеуі тиіс», - деп түсіндірді сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығының орынбасары Дәурен Қасымов.
Өтінім бергендердің ішінде Грекия, Қытай, Германия шеберлері бар. Олардан басқа, байқауға қазақстандық мүсіншілер де қатыспақ.
«Біз біздің климат жағдайымызға төзе алатын берік материалдарды пайдалануды ұйғардық. Бүгінгі күні гранит, мәрмәр тасып жеткізудеміз, металға тапсырыс бердік», - деп атап өтті Д.Қасымов.
Жұмыс басталар алдында шеберлер өз жұмыстарының сызбаларын жұртшылық кеңесіне ұсынуы тиіс.
Байқау шарттары бойынша барлық бұйымдар қалада қалады, ал таңдаулы мүсіншілер сыйлықтармен марапатталады.