Өскеменде шайбалы хоккейден Қазақстан кубогі жолындағы жарыс басталады

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін, тамыздың 19-да Өскемен қаласында ерлер командалары арасында шайбалы хоккейден Қазақстан кубогі жолындағы жарыс басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның хоккей федерациясына сілтеме жасап.
None
None

Ең алғашқы матчтар «Қазақмыс» пен «Бейбарыс» командалары арасында өтеді. Жалпы тамыздың 19-ы мен 28-і аралығында Қазақстанның кубогі үшін 8 команда таласатын болады. Дода қарсаңында еліміздің хоккей федерациясы, кеше, сәрсенбі күні Өскеменде турнирдің бас сыйлығы - Қазақстан кубогінің таныстырылымын өткізді.

Жекелей атайтын болсақ, турнирдің А тобында Қарағандының «Сарыарқа», Рудныйдың «Горняк», Көкшетаудың «Арлан», Астананың «Барыс» командалары, В тобында Атыраудың «Бейбарыс», Өскеменнің «Қазмырыш - Торпедо», Павлодар қаласының «Ертіс-Павлодар» және Сәтпаевтің «Қазақмыс» клубтары күш сынасатын болады.

Соңғы жаңалықтар