Өскеменде шикізат базасын құру арқылы минералды дәрі-дәрмек шығаратын фармацевтикалық зауыт салу жоспарлануда

Институт жетекшісі Ержан Сапарғалиев «Шикізат базасын құру арқылы минералды дәрі-дәрмек шығаратын фармацевтикалық зауыттың құрылысы» жобасымен таныстырып өтті. Оның айтуынша, аталмыш жоба ағзадан ауыр металдарды шығаруға көмектесіп, аллергиялық әсер етуді алып тастайтын, иммунитетті жақсартатын, дизентерия мен диарея кезінде тиімді болатын тагансорбент және басқа да препататтарды шығаруды көздейді.
«Біздің дәріміздің бір грамы 100 миллиграмға дейін улы заттарды шығара алады. Оны алкогольдік улану кезінде, сондай-ақ, әсіресе балалар үшін микроэлементтерді жеткізу үшін пайдалануға болады», - деді Е.Сапарбаев журналистерге.
Вице-премьердің айтуынша, қазіргі кезде шетелдік ғалымдарға тағы бір рет тәуелсіз сараптама өткізу қажет, жобаның болашағы содан кейін белгілі болады. «Патенттер алынды, қазіргі уақытта халықаралық патенттеуге шығып отырмыз, менің ойымша, бұл алға жылжытылуы тиіс бірегей инновациялық жоба болып табылады», - деп есептейді Е.Орынбаев.