23:09, 09 Қараша 2012 | GMT +5
Өскеменде ШҚО халық театрларының алғашқы фестивалі өтеді
ӨСКЕМЕН. 9 қараша. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда алдағы жексенбі күні, 11 қарашада облыс халық театрларының алғашқы фестивалі ашылады.
Облыстың көркемөнерпаздар театр ұжымдарының арасында конкурс өткізуге облыстық мәдениет басқармасы мен Жамбыл атындағы облыстық драма театры бастамашы болды.
Фестивальдің облыстық штабынан хабарлағандай, байқауға облыстың 8 ауданынан 10 көркемөнерпвздар театрлар ұжымы қатысады, олардың ішінде жас театрлар да, Семейдегі «Ес аймақ» студенттер театры және Зайсан қаласындағы «Поэзия» жастар театры сияқты тәжірибелі өнерпаздар да бар. .
Фестиваль сейсенбі күні, 13 қарашада аяқталады. Халық театрларының таңдаулы қойылымдары мен олардың актерлеріне сыйлықтар мен жүлделер тапсырылады.
Шараның басты мақсаты - аймақ театрлары арасында байланыстарды кеңейту, өзара тәжірибе алмасу және театр өнерін одан әрі дамыту болмақ.