Өскеменде студенттік құрылыс жасақтарының маусымы басталды

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде студенттік құрылыс жасақтарының науқаны басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биылғы науқан мерейтойлық маусым - студенттердің құрылыс жасақтарына биыл 50 жыл толады. Ертістің сол жағалауында орналасқан Комсомольский аралында дәл қазіргі сәтте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен студенттік құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» жасақтарының жаңа еңбек маусымының ашылу рәсімі өтіп жатыр. Салтанатты шара барысында атап көрсетілгендей, бұл қозғалыс біздің республикамыз бен Достастық елдерінің студенттерінің бірнеше ұрпағы үшін нағыз өмір мектебі болып келеді. Студент жасақтардың штабы биылғы маусымда үш мыңнан астам жасты жұмыспен қамтамасыз етуді, оларды аймақтық Жол картасын жүзеге асыруға да тартуды жоспарлап отыр.
Соңғы жаңалықтар