Өскеменде сумен жабдықтау және су бөлу жүйесін жаңғыртуға ЕҚДБ қаражатын тартады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін өңір басшысы Даниал Ахметов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти облыс орталығында жалпы сомасы 4,4 млрд теңгеге сумен жабдықтау және су бөлу жүйесін жаңғырту жобасын қолдау туралы шартқа қол қойды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасын іске асыру жылу желісінің жағдайын жақсартып оның бойымен жеткізілетін ресурстарды жоғалтуды азайтуды қамтамасыз етеді.

«Өскемен Су арнасы» ҚКК арнайы коммуналдық техникамен жарақталады, оның көмегімен апатты учаскелерді табу мен жою мәселелері шешілетін болады.

Семей қаласының сумен жабдықтау және су бөлу, жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобалары (жалпы сомасы 11 млрд теңге) бойынша алғашқы кредиттік шарттарға 2015 жылғы желтоқсанда қол қойылған.

Сонымен қатар, осы жылғы наурызда жалпы сомасы 7,7 млрд теңгеге Өскемен мен Семей қалаларының көшелерін жарықтандыру жүйесін жаңғырту бойынша алдын ала келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар