Өскеменде тасымалдаушылар жолақыны көтеруді талап етуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде жолақы тарифін көтеру мәселесі қайтадан туындады. Қазір автобуста жолақы құны - 60 теңге. Ал шағын автобустарда - 65 теңге. Тасымалдаушылар шығынмен жұмыс істеп жатқандарын айтып, тарифті 80 теңгеге көтеруді сұрап отыр.
None
None

Әлеуметтік топқа жататын зейнеткерлер, студенттер, мүгедектерге арналған жеңілдіктерге қатысты мәселе де сөз болды. Тасымалдаушылар осы санаттағы адамдарға жеңілдік тарифі үшін бюджеттен өтемақы талап етуде.

Қалалық мәслихат сессиясының отырысында ұзақ талқыға түскен пікірталастың соңы депутаттардың тарифты көтеруге келіспеуімен аяқталды.

Қалалық әкімдік жергілікті бюджеттен қоғамдық көлікте жүру ақысына 155 млн. теңге өтемақы бөлетінін хабарлады, бірақ бұл атаулы көмек болмақ.

Атаулы өтемақыны зейнетақысы айына 40 мыңнан аспайтын 11 мың зейнеткер алатын болды. Студенттердің жолақы билеттерінің өтемақысы үшін 12 мың студентке 18 млн. теңге бөлінетін болды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылы тасымалдаушыларға жергілікті бюджет жасы 70 және одан жоғары 26 826 зейнеткерге 252 млн. теңге бөлген. Төлем фактісі бойынша 16 900 адамға 145,9 млн. теңгені құраған. Студенттердің жолақысына 18 млн. теңге бөлініп, жолақы билеті 6 мың теңге болса, өтемақы 1500 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар