Өскеменде теміржол өткелінде жолаушылар автобусы қар тазалаушы тепловозбен соқтығысып қалды, құрбан болғандар бар

nbsp; Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жексенбі күні Өскеменде, Бобровский өткелінде жол апаты орын алды - жолаушылар автобусы қар тазалаушы-тепловозбен соқтығысып қалды,
None
None

деп хабарлады жол полициясынан.

Оқиға орнында автобус жүргізушісі қаза тапты, 10 жолаушы зардап шекті, олардың бесеуі ауыр жағдайда жатыр.

Автобус жүргізушісі бағдаршамның ескерту белгісіне тоқтамастан, теміржол өткелінен өте шықпақ болған. Нәтижесінде қар тазалаушы тепловозбен соқтығысып қалған.

Оқиға бойынша қазір тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар