Өскеменде ТЖ-лар зардабын жою жөніндегі арнайы комиссияның бірінші жиыны өтті
Селекторлық байланыс арқылы ТЖ жөніндегі аймақтық штабтардың басшылары жергілікті жерлерде су тасқынынан өз аумақтарында туындаған мәселелер мен оның қазіргі жайы туралы айтып берді.
Ағымдағы жағдайдың ауыртпалықтары бірнеше бағытқа бөлінген, солар бойынша іске жұмылдырылған барлық мемлекеттік қызметтер айқын әрі үйлесімді тәртіпте жұмыс істеу қажет.
Жиында Ислам Әбішев тиісті жұмыстарды орындау міндетті және айқын жүзеге асуы тиіс, бөлімдер басшыларының елді мекендерден кетуі комиссия басшысымен келісілуі тиіс, деп атап көрсетті.
Сондай-ақ комиссия басшысы бүгін «ТЖ-лар зардаптарын қалпына келтіру және жою жөніндегі департамент» құрылғанын да хабарлады.
Жиынға қатысушыларға таяудағы тәуліктерде - құрылыс жүргізу, күрделі құрылыс көлемдерін, мекен-жайларын, жобаларды, т.б. жасауға тапсырма берді.