16:17, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Өскеменде жаңа балабақша салынады және балалар сауықтыру лагері қайта жабдықталады
ӨСКЕМЕН. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Қазатомпром» ҰК» АҚ президенті Владимир Школьник Өскеменде балабақша құрылысы және «Матросов» балалар сауықтыру лагерін қайта жабдықтау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,

деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Қол қойылғын меморандумның құны - 1млрд.150 млн. теңге. "Қазатомөнеркәсіп" Өскеменде 250 орындық балабақшаның құрылысын қаржыландыратын болады. Жобаның алдын ала құны - 400 млн. теңге.
Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» «Матросов» балалар сауықтыру лагерін қайта жабдықтауға 750 млн. теңге салады.