Өскеменде Жаңа жыл қарсаңында энергетиктер ұқыпты төлеушілерді көтермеледі

ӨСКЕМЕН. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Келе жатқан Жаңа жыл алдында энергетиктер жүз мың тұтынушының ішінен он бес адам таңдалып алынып, жаңажылдық мерекелермен құттықталды, оларға қолданылған жылу энергиясының шоттарын тұрақты және уақытылы өтегендері үшін алғыс білдірілді.
None
None

1998 жылдан бастап бұл адамдар шоттарды әрдайым төлеп, әрбір айдың бірінші күніне қарай ешқашан борышқа қалмады. Өскемен жылу желілерінің «ведомстволық» Аяз Атасы мен Ақшақары таңдалып алынған 15 тұтынушының әрқайсысының үйлеріне барып, оларға кәсіпорын басшылығының атынан алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды компанияның менеджері Юлия Селиванова.

Компанияда атап өткендей, жаңажылдық акцияның қатысушылары ұқыпты төлеушілер - жоғары табысы жоқ, бірақ қарызсыз болғысы келетін зейнеткерлер екендігіне тағы да бір рет көз жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі күні «Өскемен жылу желілері» АҚ-ның 100 000 тұтынушысы бар, олардың 80 пайызы жылу энергиясы үшін төлемдерін уақытында төлейді.

Соңғы жаңалықтар