Өскеменде жаңа жылыжай ашылды

ӨСКЕМЕН.  Желтоқсанның   29-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -   Өскеменде  «Жасыл желі»    серіктестігінің  тағы бір    жаңа  жылыжайы ашылды. Бұл  «Химиясыз     өнім»   деген     қағиданы ұстанатын    кәсіпкер  Тоқтархан   Шормановтың    қияр мен   аскөк  өсіру  жөніндегі екінші  желісі.
None
None

Жылыжайдың ашылу   рәсіміне  облыс әкімі Бердібек  Сапарбаев қатысты,  деп  хабарлады   әкімнің баспасөз қызметінен.   Жаңа, 2010   жылы    мұнда  150 тонна қияр  мен 200 тонна  аскөк өнімдерін өсіру жоспарлануда.

 Бұл  желінің  ерекшелігі сол,  ол   тамшылап  суару  әдісімен жұмыс істейтін   болады.     Жылыжай  басшылығы 2-3 жылдың ішінде қала  тұрғындарының    қысқы  маусымдағы    сұраныстарын   толық қамтамасыз   етуді  жоспарлауда.    Жаңа жылыжай  1000  шаршы метрден астам ауданды алып жатыр.   «Жасыл желі» серіктестігінің  өнімдері   бүгінгі таңда   қаланың 30 сауда нүктесінде сатылуда.

Соңғы жаңалықтар