12:39, 07 Қаңтар 2012 | GMT +5
Өскеменде «Жастар - сайлауға!» атты автожорық басталды
ӨСКЕМЕН. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде қатарынан 2 жастар акциясы «Жастар - сайлауға!» атты автожорық және «Мен сайлауға барамын» атты флэш-моб басталды.
Бұл жастар акциясын Шығыс Қазақстан облысының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасағының штабтары мен «Жасыл ел» жасағы және «Жан-жақты дамыған жастар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.
Жастардың электоралды белсенділігін артыруға бағытталған бұл автожорық сағат 11. 00-де Республика алаңында басталды. Оған шамамен жастардың 30 өкілі қатысуда.
Ал қазіргі уақытта облыс орталығындағы барлық автобус аялдамаларында «Мен сайлауға барамын!» атты флэш-моб басталды.