Өскеменде жазғы демалыс уақытында 1500-ден астам студент жұмыс істейді

Өскеменнің әкімдігі жазғы уақытта жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жұмыс атқаруда. Бүгінгі күні оның көлемі облыс орталығында 28 пайызды немесе 320 мыңдай халқы бар қаланың 88 170 тұрғынын құрап отыр. Жастар ұйымдарында, қозғалыстар мен бірлестіктерде 40 мыңнан астам жастар жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жұмыспен қамту орталығына әртүрлі білім мекемелерінен 287 түлек өтініш білдірді, олардың 127-і жұмысқа орналастырылды. Демалыс уақытында жұмыспен қамтылған жастардың санын арттыру мақсатында 2012 жылы мақсатты жұмыс атқарылды.
2012 жылдың 25 шілдесіндегі мәлімет бойынша құрылыс жасақтарында 726 адам, педагогикалық жасақтарда 303 және қызмет көрсету жасақтарында 229 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ «Жасыл ел» жасағында 180 адам еңбекпен қамтылған.
Республикалық «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» акциясы бойынша 106 адам жұмысқа орналыстырылды.