Өскеменде жергілікті өзін-өзі басқарудың өзекті мәселелері мен болашағы талқыланды

ӨСКЕМЕН. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері  аймақтық сараптама және болжау институтында жергілікті өзін-өзі басқарудың өзекті мәселелері мен болашағын талқылады,
None
None

деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығынан.

Дөңгелек үстел басындағы кеңесте  мемлекетті қайта жаңғырту, оның экономикалық дамуы, демократияны нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық жүйені дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың маңызды орын алатындығы атап өтілді.

 "ШҚО азаматтық альянсы» ұйымының жетекшісі  Олега Чернышеваның айтуынша, жергілікті басқару институтының түйткілдерін 3 санатқа бөлуге болады. Олар - құқықтық, экономикалық және ұйымдық мәселелер.

Басқосу қорытындысында дөңгелек үстел барысында көтерілген жайттар бойынша қарар қабылданды және сараланған пікір-ұсыныстар екшеліп,   Үкімет пен Парламентке ұсынылатын болды.

Соңғы жаңалықтар