23:38, 11 Тамыз 2015 | GMT +5
Өскеменде жоғалып кеткен 41 жастағы әйел төрт күннен бері іздестірілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 тамыз күні Өскемен қаласының тұрғыны 41 жастағы Елена Клёсова үйінен шығып кетіп, оралмаған. Қазір туған-туыстары оны іздестіруде, деп хабарлайды YK-news.kz.
Полицияның айтуынша, таңертең Елена өзінің бір танысымен бірге жұмысқа тұрамын деп кеткен, содан қайтып оралмаған.
Еленаның қызы анасының онымен соңғы рет Абай даңғылының бойында байланысқа шыққанын айтады. Жоғалған әйелдің туған-туыстары ол туралы білетін адамдар болса 8 777 853-43-68 немесе 102 телефонына хабарласуларын сұрайды.