19:35, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Өскемендегі конструкторлық бюроның бірінші міндеттері - тау-кен-металлургиялық кешеннің өніміне техникалық құжаттардың трансфертін жасау
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Өскеменде құрылған конструкторлық бюроның негізгі мақсаты - кен-машинажасау саласының кәсіпорындарын жобалық-конструкторлық, технологиялық және нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету арқылы отандық машина жасау кәсіпорындарының жаңа өнімдерді өндіруін игеруге қолдау көрсету.
Бұл туралы Қазақстан мен Ресей басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің алдында сөйлеген сөзінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының (ИТТО) жетекшісі Саят Нүсіпов айтты, деп хабарлайды ИТТО баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, С.Нүсіпов атап өткендей, КБ тек жаңа өнімді жасауды игеруге қолдау көрсетіп қана қоймай, өзінің эксперименталдық-өндіріс учаскесінде өнімдердің үлгілерін жасай алады.
Қазіргі күні КБ конструкторларының жұмыс орындары Сименс фирмасының қазіргі заман талабына сай жүйелерімен, Жапония мен Тайваньда шығарылған станоктармен жабдықталған.