Өскемендегі Ресей консулдығы ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне салтанатты қабылдау өткізеді

ӨСКЕМЕН. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Өскемендегі Ресей Федерациясының Бас консулдығы бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетеді. Оған аймақтың барлық аудандарынан 88 ардагер мен тыл еңбеккерлері қатысады.
None
None

Салтанатты іс-шараға Ресей Федерациясының Өскемендегі бас консулы Сергей Анненков, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары қатысады.

Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарына 170 мыңнан астам шығысқазақстандық қатысқаны белгілі болды. Олардың ішінде 109-ы Кеңес Одағының Батыры атығына ие болды, ал 24-і Даңқ ордендерінің толық иегері атанды.

Еске сала кетейік, бүгінде аталған аймақта 938 Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері және 27 905 тыл еңбеккері тұрады.

Соңғы жаңалықтар