Өскемендегі жаңа автомобиль зауыты 2018 жылы іске қосылады - ҚР ИДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемендегі автозауыттың құрылысына бағытталатын жалпы инвестиция 80 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР ИДМ баспасөз xатшысы Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.
None
None

"Астана экономикалық форумының алаңында кездесулер өткізілуде. Кеше Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев "АвтоВАЗ" президенті Николя Мормен кездесті. Онда Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінің даму мәселелері талқыланды, сондай-ақ Өскеменде толық циклді зауытты салу және өндірістік теxникалық парк салу сұрақтары сөз болды", - деді ол.

Жобаның толық инвестициялық құны 80 млрд теңгені құрамақ. Оның сөзі бойынша жоба екі кезең бойынша жүреді. 
"Бірінші кезеңде 2018 жылы оның қуаты жылына 60 мың дана көлік шығара алатын болады. Екінші кезеңде - шамамен 2020 жылға қарай оның қуатын 120 мың данаға жеткізу жоспарлануда", - деп атап өтті баспасөз xатшысы.

Соңғы жаңалықтар