09:51, 11 Тамыз 2010 | GMT +5
Өскеменге үшкүндік сапармен Жапония елшісі келе жатыр
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменге Жапонияның Қазақстандағы елшісі Нацуи Сигэо бастаған Күншығыс елінің делегациясы келеді. Делегацияның құрамына «Марубени» және «Иточу» корпорацияларының, «Банк оф Токио-Мицубиси» банкінің өкілдері кіріп отыр.

Жапондық делегацияның Өскеменге сапары үш күнге созылады. Бұл күндері қадірлі қонақтар кен-металлургия саласының кәсіпорындарын, конденсат, арматура және автокөлік құрастыру зауыттарын аралайды, сондай-ақ жергілікті құс фабрикасы мен «КЭМОНТ» акционерлік қоғамына ат басын тірейді.
Бүгінге Жапония елшісінің Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуі жоспарланған.