Өскеменнің ең үлкен залында Президенттік жаңажылдық шырша өтуде

Елбасының атынан ұйымдастырылып отырған жаңажылдық шырша қаладағы ең үлкен залда - дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтіп жатыр.
Облыстық білім ұйымдары, «Бибі-Ана» мүгедек әйелдер қоғамы, патронаттық отбасылар Бас шыршаға шақырылған оқу үздіктері мен балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілеріне арнап үлкен ойын-сауық бағдарламасын әзірлеуде.
Облыс орталығындағы жаңажылдық шыршаға шақырылған 350 баланың әрқайсысы сыйлыққа жылы сыртқы және спорттық киімдер, мектеп жабдықтары салынған рюкзак, жаңажылдық тәтті салынған қоржындар алады. Ал балалар үйлері мен интернаттарға сыйлыққа компьютерлер мен тұрмыстық техника дайындалып отыр.
Шыршаға келген балалардың ортаға бейімделу және бір-бірімен достық қарым-қатынас орнату үдерісін жеңілдету үшін, кеше олармен түрлі психологиялық тренингтер өткізілгенін айта кету керек.
Бүгін балаларды сондай-ақ, тағы бір думан - мұз айдынының ашылуы және жаңажылдық отшашу күтіп тұр.