17:42, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Өскеменнің іргесіндегі Аблакетка кентінде 12 жылдан кейін 14 көпқабатты үйлерге жылу берілді
ӨСКЕМЕН. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қала маңындағы Аблакетка кентінің Геолог көшесінде орналасқан 14 көпқабатты үйлерге 12 жылдан кейін жылу және ыстық су берілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Кеше қала әкімі Ислам Әбішев пен қалалық жылу желілерінің басшысы Виктор Недовесов жақында жылу берушілердің есебіне берілген «Геолог» пәтер иелері кооперативінің қазандығын қарап шықты және бірнеше пәтерлерде болды.
12 жыл бойы тұрғындар қала әкімшілігіне пәтерлерде жылудың жоқтығына шағымданып келген болатын. Қазандық меншік иесінің бір нысанынан екіншісіне көшіп келді.
Қаланың жаңа әкімшілігі қалалық жылу желілеріне қазандықты өз есебіне алуды ұсынған болатын.