Өскеменнің коммуналдық қызметтері алғашқы қарға дайындық жұмыстарын пысықтауда
Қала әкімінің орынбасары Дмитрий Кавригиннің сөзіне қарағанда, «кейбір мердігерлер үшін қыс тосыннан келеді. Осындай жағдай орын алмас үшін ТКШ бөліміне тексеруді жалғастырып, арнайы техникаға сұранысты арттыруды қолға алу қажет, техника болмаған жағдайда қатаң жазалау тапсырылады», - деді ол.
Қала әкімінің баспасөз қызметі атап өткендей, қаланың кейбір мердігер мекемелері жаз мезгілінде облыс аумағында орналасқан құрылыс нысандарында жұмыс істейді. Олардың кейбіреулері алғашқы қар түскенге дейін Өскеменге арнайы техниканы жеткізуге үлгермей жатады.
Оған қоса қаланың басым аумағында қар тазалау жұмыстарымен айналысатын «Өскемен-Тәртіп» кәсіпорны бірінші болып «қанағаттанарлық» деген бағаға ие болды.
Қалалық жол полициясы бөлімі өз кезегінде көлік иелерін жаздық дөңгелектерді қыстық резеңкеге дер кезінде ауыстыру жөнінде ескертуде. Аталып өтілгендей, алғашқы қар түскен күндері жол-көлік оқиғалары көбіне көліктің қысқа дайын болмауына байланысты орын алады.