Өскеменнің қыз-келіншектері әйелдер кеңесін құрды

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен әкімдігі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыта отырып,
None
None

қаланың ықшамаудандарында әйелдер кеңесін құру туралы «Өркендеу» қоғамдық клубының бастамасын қолдады.

Бірінші әйелдер кеңесі қаланың Жаңа және Ескі Соғры, Арматура зауыты және Тасты карьер ықшамаудандарын біріктіріп отырған №5 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінде құрылып отыр. Құрамына 28 әйел кіріп отырған кеңестің бірінші отырысында Елена Кузьмина төрайым болып сайланды.

Қала әкімі Ислам Әбішевтің айтуынша, «әрбір отбасындағы ауа райы көбіне әйелдердің шешімдеріне байланысты болып жатады». «Біздің қаламызда әйелдер жалпықалалық проблемаларды шешуде үлкен роль атқарады. Олар белсенді, және ең бастысы, олардың қолдарынан көп нәрсе келеді»,- деді әкім әйелдер кеңесінің құрылуына қатысты берген түсіндірмесінде.

Қыз-келіншектер алдарына қиын балалармен, жайсыз отбасылармен жұмыс істеу, ықшамауданды абаттандыру және көгалдандыру, спорттық және басқа шаралар өткізу сияқты міндеттер қойып отыр. Осындай әйелдер кеңестерін құру жөніндегі басқосулар жақын арада қаладағы барлық тоғыз жергілікті өзін-өзі басқару комитетінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар