Осы аптада Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі өтеді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 22-сі күні Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше елдер Үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі өтеді.
Оның барысында 18 құжаттың жобасын қарастыру көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін (2009-2011 жылдар) жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аталған алқалы мәжілістің күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе. «ТМД-ның Экономикалық даму стратегиясы 2020 жылға дейінгі кезеңді қамтитын және Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің ортақ мақсаттағы көзқарастарының өзара келісілген жүйесі, Достастықты халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың маңызды қатынасушысына айналдыруға бағытталған, мемлекетаралық экономикалық байланыстарды тереңдету жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтары мен перспективасы көрсетілген құжат. Онда ТМД-ның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орнына және Достастықтағы жалпы экономикалық жағдайға баға берілген, ықпалдастықтың мақсаттары мен міндеттері баяндалған, өзара іс-қимылдың негізгі салалары анықталған», деді ресми өкіл.
Соңғы жаңалықтар
telegram