Осы сапар барысында парламентаралық қатынастарды дамыту үшін де негіз қаланады - Македония Президенті

None
None
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанға мемлекеттік алғашқы сапармен келген Македония Республикасының Президенті Георге Ивановпен кездесті.

Кездесу барысында Қ.Мәми Қазақстан мен Македонияның екіжақты қатынастарын, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі байланыстарды дамыту үшін осы сапардың маңыздылығын атап өтті.

- «Біздің елімізге сапар барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыруға ықпал ететін толыққанды нормативтік-құқықтық базаны жасауға Қазақстан Парламенті әзір», - деді Қ.Мәми. Парламентаралық қатынастар саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өте келіп, Қ.Мәми екі елдің жоғары заң шығару органдары арасында сындарлы үнқатысуды қалыптастыру жайында айтты.

Македония Президенті Қазақстанның елордасын салу қарқынын атап өте келіп, сауда-экономикалық, білім беру және мәдени саладағы мемлекетаралық келісімдердің табысты жүзеге асуына сенім білдірді.

Екіжақты қатынастардың құқықтық негізі оның маңызды шарты екенін атап өте келіп, Г.Иванов осы сапарда парламентаралық қатынастарды дамыту үшін де негіз қаланатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар
telegram