Осы жылы Қытай Қазақстанмен келісімге қол қоюға үмітті ? Вэнь Цзябао

БЕЙЖІҢ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Бүгін Бейжіңде 11-ші шақырылған Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 2-ші сессиясының жабылу салтанатынан кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер өтінішіне орай ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің премьері Вэнь Цзябао Шанхай ынтымақтастық ұйымы ауқымындағы ынтымақтастық туралы әңгімеледі,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қытай үкіметінің басшысы Шанхай ұйымына қатысушы елдердің географиялық орналасу жақындығы мен экономикадағы өзара ықпалдастығы нәтижесінде алдағы ортақ қиындықтарды бірлесе шешуге болатындығына сенімді екендігін білдірді. Мысал ретінде, ол жақын арада Қытай мен Ресейдің мұнай және қаржы саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттар топтамасына қол қойғандарын айтты. Сондай-ақ Қытай Қазақстанмен де қаржы, энергетика және табиғи ресурстарды игеру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі хаттамаларға қол қойды. «Біз Қазақстанмен келісімдерге осы жылы қол қоямыз деп үміттенеміз» - дейді Қытай премьері. Әлемдік қаржы дағдарысынан ШЫҰ мүше мемлекеттердің барлығының да түрлі дәрежеде зардап шеккенін айтқан Вэнь Цзябао, халықаралық қаржы дағдарысын бірлесе еңсеру мақсатында, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың белсенділігін арттыруға шақырды. Вэнь Цзябаоның пікірі бойынша, энергетика, ресурстарды пайдалану, көлік, ауыл шаруашылығы және жоғары технологиялар саласында ұйымға мүше елдер арасында ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндігі зор.
Соңғы жаңалықтар
Референдум