Отан қорғаушылар күні қарсаңында Көкшетаудан 60 бозбала әскерге аттанды
Бұл туралы облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың баспасөз қызметінен хабарлады.
Ұйымдастырушылар мұндай болашақ Отан қорғаушыларға құрмет көрсету жас ұрпақ арасында отансүйгіштікті қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ, Қазақстан әскерінің жағымды бейнесін қалыптастыруға көмектесуі тиіс деп санайды.
ҚР Қарулы күштері қатарына республикалық ұлан, әуе қорғаныс күштері, құрлықтағы және шекаралық әскерлер бөлімшелері бойынша 60 жас бозбала аттанған. Әскерге шақырылғандарды аттандыруға 300-ден астам адам, соның қатарында олардың ата-аналары, Ұлы Отан соғысы және Қарулы күштер ардагерлері, ауған жауынгерлері, арнайы техникалық мектептерде, колледждер мен ЖОО-да оқитындар жиналды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - Қорғаныс департаменті және Ақмола облысы бойынша жастар саясаты жөніндегі басқарма - әскерге шақырылғандарға сыйлықтар тапсырды.