Отан соғысына қатысқан ардагерлер саны жылдан жылға азайғанымен, олардың ұлы ерлігіне деген құрмет кемімеуі тиіс - Ким Серікбаев

АЛМАТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Жеңіс күні мерекесі фашизмнің бұғауынан босаған барлық халық өмірінде ерекше күн болып тарихта мәңгі қалады. Бұл туралы Алматы қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев бүгін Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алау түбіндегі Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын кезінде айтты.
None
None

«Бұл адамзат тарихындағы ең ерекше мерекелердің бірі. Ол қазір тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде атап өтілуде. Оны өз азаттығы үшін фашистерге қарсы соғысқан барлық халық тойлауда», - дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ким Серікбаев. Әскери ғылымдар докторы, профессор К.Серікбайұлының айтуынша, Отан соғысына қатысқан ардагер аға ұрпақтың саны жылдан жылға азайып бара жатыр. Бірақ бұл олардың ұлы ерлігін ұмытуға себеп болмауы тиіс. Майдан даласында қасық қаны қалғанша жаумен арпалысқан майдангер мен тыл еңбеккерлерінің ерен ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі үлгі-өнеге болып қала береді. Оған күмәнданушылар бұдан еш береке таппайды. Тарих Отан қорғаушыларға әлдеқашан өз бағасын беріп қойған. Қайта уақыт өткен сайын ол биіктеп, өз мәртебесін арттыра түседі.

Соңғы жаңалықтар