«Отандастар» акциясының қорытындысы бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өтті

АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы «Отандастар» акциясының аясында «Оралмандар: оларды қоныстандыру және бейімдеу проблемалары» деген тақырыпқа арналған «дөңгелек үстел» отырысын өткізді, деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.
None
None

«Отандастар» акциясын «Нұр Отан» партиясы ағымдағы жылдың маусым-тамыз айларында өткізген болатын. Шараның аясында қалалар мен аудандардағы партия филиалдары халық арасында арнайы сауалнама жүргізіп, оларды толғандырып жүрген проблемалар мен ұсыныстарға сауал салды. Акцияның қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық және басқа да мазмұндағы көптеген ұсыныстар жиналды. Нәтижесінде, аймақ тұрғындарын көбірек толғандырып жүрген мәселе - оралмандарды бейімдеу проблемасы екені анықталды.

«Дөңгелек үстел» отырысында Көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің диреторы Чапай Әбіловтың баяндамасы тыңдалды. Ол жиналған қауымды оралмандарға көмек көрсету жөніндегі шаралармен таныстырлы.

«Отандастар» акциясына аймақтың 60 мыңнан астам тұрғыны белсенді атсалысып, сауалнамаларды толтырды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар