Отандастарымыздың санасына еңбектің қадірі мен кәсіпқойлық рухын сіңіруге тиіспіз - Мәдениет министрі

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Отандастарымыздың санасына еңбектің қадірі мен кәсіпқойлық рухын сіңіруге тиіспіз. Бүгін Астанада Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты
None
None

бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттың негізгі бағыттарын айқындау жөнінде өткен кеңесте Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осылай мәлім етті.

Сөз арасында министр нағыз еңбектің нәтижесі қоғамда айрықша рух тудыратынын атап өтті. Оның паймынша, рух нәтижелі еңбекке, толайым табысқа жетелейді. «Бұндай рухты спортта ғана емес, еңбектің барлық саласында - өндірісте, шаруашылықта, қызмет көрсету салаларында дендеп енгізуіміз керек. Ең бастысы отандастарымыздың санасына еңбектің қадірі мен кәсіпойлық рухын сіңіруге тиіспіз. Адам өзінің күш-жігеріне, біліміне сеніп ерінбей еңбек еткенде ғана шынайы бақытқа, мол дәулетке жете алатынын ұғындыруымыз керек», - деді ол.

Сонымен қатар, министр ұлы Абайдың «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, әуре етеді ішінен қулық сақтап, өзіңе сен өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» деген өлеңін әрбір отандасымыз жанында ұстаса ұтатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар