12:05, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Отандық өндірісті жаңарту мәселесіне ерекше көңіл бөлген жөн - Үкімет басшысы К. Мәсімов
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда біз отандық өндірісті жаңарту қажеттігін қанша қадап айтсақ та, одан пайда көрмеген кәсіпкерлер бұл жұмысқа немқұрайды қарап келеді. Бүгін Үкімет үйінде еліміздің Көлік құрастырушылары одағы мүшелерімен кездескен ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осы мәселені атап өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет басшысы атап көрсеткендей, еліміздегі өндіріс ошақтарын жаңарту бүгінгі күннің басты мәселесі болуы шарт. «Біз отандық өндірісті жаңарту қажеттігін қанша қадап айтсақ та, одан пайда көрмеген кәсіпкерлер бұл жұмысқа кірісуге асықпауда. Меніңше, ондай өндірістердің жанынан жаңартылған өнеркәсіптерді ашу қажет. Сонда ғана олар өз өндірістерін жаңартатын болады. Ондай кәсіпкерлерге нақты талап қою қажет. Өндірісіңді жаңартасың немесе біз басқа өндіріс орынын ашатын боламыз. Осы бағытта жұмыс істеудің арқасында ғана біз отандық өндірістің ойдағыдай дамуына жағдай жасай аламыз», деп атап өтті К. Мәсімов.