Өткен аптада Қорғас - Жетіген темір жол құрылысы барысын қадағалау жөніндегі штабының көшпелі отырысы өткізілді - Көлік және коммуникация министрлігі
Жетіген темір жолының ұзақтығы 293 шақырым. Жоба бойынша жаңадан 14 жеке пункттер ашу көзделген. Техника-экономикалық негіздеме бойынша жобаның құны 165 млрд. теңгені құрайды.
2009 жылы жолдың алғашқы 80 шақырым учаскесінде жер төсемі мен су өткізетін құбырларын салу жұмыстары бойынша мердігерлік келісім-шартқа қол қойылған болатын.
Осы жылдың сәуір айында жобаның операторы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қалған 213 шақырым учаскелерінде жер төсемін салу жұмыстарын жүргізетін екі мердігерлік ұйымды, сондай-ақ 0-89 шақырым учаскесі мен Іле өзені арқылы өтетін көпірлерді салатын мердігерді анықтады. Қазіргі таңда аталған компаниялар құрылыс жүретін аумақты әзірлеп, бекітілген учаскелерге техниканы жеткізу және жердің құнарлы қабатын алу жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі мамырдың 12-сіне көлемі 178 мың м3 жер төсемі салынып, су құбырларын салуға арналған 2 103 м3 темірбетон құрылғылар жинақталды.
Жолдың жоғарғы құрылысын салу жұмыстарын жүргізу үшін 40 мың тонна жаңа рельстер мен 54 мың шпал жиынтықтары әзірленді. Қосқұдық стансасында рельс-шпал торларды құру жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы жоба бойынша 29 көпір, 2 жол өтпесі мен 307 су өткізу құбырларын салу көзделген.