09:52, 21 Тамыз 2010 | GMT +5
Өткен аптада Қызылорда облысында 7 жол-көлік оқиғасы орын алып, 2 адам қаза тапты
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық жол полициясының дерегі бойынша, өткен аптада облыс жолдарында апта көлемінде 7 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 2 адам қайтыс болған. Бұдан бөлек тағы 5 адам әртүрлі дене жарақатымен емдеу-сауықтыру орындарына түскен.

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінің тұрғыны өзінің «Опель Вектра» автокөлігімен көшені кесіп өтпекші болған азаматты қағып кеткен. Нәтижесінде жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды.
Осы айдың 12-сі күні Арал қаласы, Нұржаубаев көшесі тұрғыны «УАЗ» автокөлігімен көшенің бойында қарама-қарсы бағытта келе жатқан велосипедшіні қағып кеткен. Нәтижесінде ол да алған дене жарақатынан оқиға басында көз жұмған.