Өткен аптада республикада 1 мың 767 қылмыс тіркеліп, олардың 1 мың 370-інің ізі суымай ашылды - апталық брифинг

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен аптада республикада 1 мың 767 қылмыс тіркеліп, олардың 1 мың 370-інің ізі суымай ашылды. Сондай-ақ іздеуде жүрген 35 күдікті қолға түсті. Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов таныстырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметтеріне қарағанда, апта ішінде есірткімен байланысты 158 қылмыс тіркеліп, оның 57- фактісі есірткіні саудалаумен байланысты болған. Ал заңсыз айналымнан 36 келі есірткі алынған. «Ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының Қордай ауданында Өзбекстан азаматын ұстап, одан гашиш пен героиннің 1 келіден астам қосындысы «Ауған чарзін» тапты. Аталған азаматтың жақында ғана Қырғызстан шекарасы арқылы Қазақстанға өткендігі анықталып отыр», деді департамент бастығы.

Сондай-ақ оның сөзіне қарағанда, Ақтөбе қаласының темір жол вокзалдарының бірінде көлік полициясы қызметкерлері 25 жасар Өзбекстан азаматын ұстап, оның сөмкесінде жатқан аяқ киімнің табанынан 274 грамм героин тапқан. Ал Шу ауданының вокзал маңындағы алаңынан 31 жасар азамат ұсталып, оның сөмкесінен иісшіл иттің көмегімен 3 келіден астам гашиш алынған. Сондай-ақ елордалық тәртіп сақшылары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлесе отырып, бірнеше грамм героинді сату барысында 42 жасар қала тұрғынын ұстады. «Ал Қарағандыда 2 келі героинмен есірткіні бұрын сақтағаны үшін сотталған 42 жасар азамат қолға түсті. Павлодарлық тәртіп сақшылары 19 жасар бойжеткеннен сатуға дайындалып қойған 400 грамм героин тапты», деді Қ.Жұманов.

Соңғы жаңалықтар